«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы 16 ақпанда № 1 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
- Жанабеков Қайрақбай Құттыбайұлы – 1985 жылы туған, "КазТрансОйл" АҚ директорының орынбасары, Астана қаласында тұрады;
- Жұматаев Ернар Құрбанбекұлы – 1984 жылы туған, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры, Астана қаласында тұрады;
- Иса Жасұлан Қыздарбекұлы – 1972 жылы туған, жеке заңгер, Астана қаласында тұрады;
- Оторбаев Ардақ Рахметоллаұлы – 1981 жылы туған, «Центр «Дос» Тәуелсіз өмір орталығы» МҚБ басшысы, Астана қаласында тұрады;
- Рысбаев Сәбит Нұрханұлы – 1986 жылы туған, жеке кәсіпкер, Астана қаласында тұрады.
- Секеров Әлібек Жайлаубайұлы – 1983 жылы туған, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы адвокаты, Астана қаласында тұрады.
№ 1 округтік сайлау комиссиясы