
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы 15 ақпанда Астана қаласының № 2 округтік сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
1. Шәкенов Қанат Нұрмұхаметұлы – 1969 жылы туған, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ақмола облыстық учаскесінің басшысы, Астана қаласында тұрады;
2. Құлмағамбетов Аслан Мұхтарұлы – 1978 жылы туған, «Эко Полигон Астаны» ЖШС, Бас директор, Астана қаласында тұрады;
3. Нұрпейісов Данияр Нұрмағанбетұлы – 1983 жылы туған, ҰҰДБ (БіріккенҰлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) - Жергілікті атқарушы органдарға бағытталған "Инклюзивті қала" бағдарламасын жүзеге асыру, дамыту жетекшісі және "Vision Zero” тұжырымдамасының аймақтарда іске асуының халықаралық кеңесшісі, Астана қаласында тұрады.
Астана қаласының
№ 2 округтік сайлау комиссиясы