«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы 16 ақпанда Астана қаласының № 9 округтік сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
- Тұлтабаев Мұхтар Шоманұлы – 1958 жылы туған, Қазақ технология және бизнес университетінің профессоры, «Ауыл» халықтық- демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігінің атынан, Астана қаласында тұрады;
- Абдраимов Еділ Жақсылықұлы - 1980 жылы туған, ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігінің бас сарапшысы, «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы қоғамдық бірлестігінің атынан, Астана қаласында тұрады;
- Ахметов Айдын Оқубайұлы-1973 жылы туған, Біріккен Халықаралық қоғамдық медиация саласы қызмет көрсету орталығының директоры, Астана қаласында тұрады;
- Әбілқайыр Сайранбек Ербатырұлы-1984 жылы туған, көркем гимнастика Федерациясы қоғамдық қорының президенті, Астана қаласының әкімдігінің КММ №1ОРБЖСМ басшысы, Астана қаласында тұрады;
- Николаев Сергей Юрьевич - 1990 жылы туған, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және Комплаенс» қоғамдық бірлестігі орталығында атқарушы директоры, Астана қаласында тұрады.
Астана қаласының
№ 9 округтік сайлау комиссиясы