
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы 17 ақпанда Астана қаласының № 4 округтік сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
1. Нұржаубеков Асылбек Батырбайұлы - 1990 жылы дүниеге келген, «ҚМГ» ҰК АҚ, жетекші маман, Астана қаласында тұрады.
2. Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы – 1945 жылы дүниеге келген, Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ, директор, Астана қаласында тұрады.
3. Жомартова Гаури Ботақанқызы – 1976 жылы дүниеге келген, «№73 Мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Астана қаласында тұрады.
4. Тәтиев Болат Батақұлы – 1959 жылы дүниеге келген, зейнеткер, Астана қаласында тұрады.
5. Жанқонақов Бауыржан Мұхаметсафаұлы – 1967 жылы дүниеге келген, «СК Строй бизнес» ЖШС, коммерциялық директор, Астана қаласында тұрады.
Астана қаласының
№ 4 округтік сайлау комиссиясы