«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы 8 ақпанда № 1 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
- Садуақасов Аржан Арманұлы – 1994 жылы туған, «ҚазМұнайГаз» ЖШС заңгері, ҚазГЗУ университетінің аға оқытушысы, Астана қаласында тұрады;
- Камелов Достық Тұяқұлы – 1957 жылы туған, "Хайретдин Әбдірахманұлы Болғанбаев атындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары" РҚБ президенті, Астана қаласында тұрады;
- Өмірбай Күнболат Көлбайұлы – 1979 жылы туған, «Төрткөл-Несие» Несие серіктестігі» ЖШС басқарма төрағасы, Астана қаласында тұрады;
- Әзімбаев Ернұр Мұсабайұлы – 1965 жылы туған, «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ комиссия мүшесі – мемлекеттік аудиторы, Астана қаласында тұрады;
- Қалитанов Алтынбек Әнуәрбекұлы – 1989 жылы туған, «Silkway Transit» ЖШС жоба менеджері, Ақмола облысы, Қосшы қаласында тұрады;
- Әлиев Батыр Әлиұлы – 1983 жылы туған, "Астана қаласының Білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы" ҚБ төрағасы, Астана қаласында тұрады;
- Сейкенов Батыр Ералханұлы – 1964 жылы туған, "Халықаралық көлік компаниясы "Арлан" ЖШС кеңесшісі, Астана қаласында тұрады.
№ 1 округтік сайлау комиссиясы