«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы 15 ақпанда Астана қаласының № 15 округтік сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
- Әсриев Азамат Алғалиұлы – 1981 жылы туған, «Қосшығұлұлы» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады;
- Шайлазимова Динара Серікбайқызы – 1969 жылы туған, «Полянка» ТК төрайымы, Астана қаласында тұрады;
- Қожабаев Жылқыбай Асанұлы – 1958 жылы туған, «Синойл» ЖШС қауіпсіздік басшысы, Астана қаласында тұрады;
- Нартаева Әлбина Көмекқызы – 1977 жылы туған, № 85 «Мейіржан» балабақшасының меңгерушісі, Астана қаласында тұрады.
Астана қаласының
№15 округтік сайлау комиссиясы