«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының № 8 округтік сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
- Абдрахманов Айдар Серікұлы – 1984 жылы туған, «The first san» ЖК басшысы, Астана қаласында тұрады;
- Жанболат Азамат Жанболатұлы – 1954 жылы туған, «Транстелеком» АҚ, Астанатранстелеком директоры, Астана қаласында тұрады;
- Томпиев Еркін Қалиұлы – 1954 жылы туған, ОО ОЗПП « Әділет», басқарма төрағасы, Астана қаласында тұрады;
- Естек Қанат Ғалымжанұлы – 1972 жылы туған, «Асыл Қазына» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады;
- Рақымжанова Айгүл Хамитқызы – 1996 жылы туған, «Био-центр Астана» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады;
- Қоғабаев Әлішер Қуанышұлы - 1977 жылы туған, «Toolpar» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады.
Астана қаласының
№ 8 округтік сайлау комиссиясы