«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының № 15 округтік сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
- Cейітман Серік Мықтыбекұлы – 1982 жылы туған, ҚР ҒЖБМ тарих институты, ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы, Астана қаласында тұрады;
- Смаилов Бауыржан Амангелдіұлы – 1967 жылы туған, «Қалқаман-Недвижимость» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, Астана қаласында тұрады;
- Юсупова Айзара Тілеуқабылқызы – 1989 жылы туған, «KAP-Technology» ЖШС кәсіподақ төрайымы, Астана қаласында тұрады;
- Еңсібаев Данияз Мұратұлы – 1989 жылы туған, «LAWLAB» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады.
Астана қаласының
№15 округтік сайлау комиссиясы