«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы ақпанда Астана қаласының № 12 округтік сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
- Әбенов Ерсін Бақтыбайұлы – 1978 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Астана қаласында тұрады;
- Антаева Гүлайым Қайратқызы– 1989 жылы туған, "Медиация және келісім порталы" ҚБ төрағасы, Астана қаласында тұрады;
- Смакова Анар Долдабекқызы – 1977 жылы туған, № 95 «Алматы» балабақшасының меңгерушісі, Астана қаласында тұрады;
- Бимұханов Арсен Жақанұлы- 1989 жылы туған, "Астана қалалық жарық" ЖШС басшысы, Астана қаласында тұрады.
Астана қаласының
№12 округтік сайлау комиссиясы