«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы 9 ақпанда Астана қаласының № 14 округтік сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
- Смағұлов Мұхтар Хайргелдіұлы – 1977 жылы туған, "Electric Systems" ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады;
- Әлібай Бақытнұр Балтабекұлы - 1987 жылы туған, "Атамекен бизнес" телеканалының редакторы, Астана қаласында тұрады;
- Көмекова Әсия Қанатқызы - 1981 жылы туған, "Институт исследований современного общества" ЖШС заңгері, Астана қаласында тұрады;
- Бердалин Ерлан Сайранұлы - 1984 жылы туған, "Астана РЭК" АҚ басқарма төрағасы, Астана қаласында тұрады;
- Лория Давид Григорьевич - 1981 жылы туған, «Астана қаласының футбол федерациясы» ЗТБ президенті, Астана қаласында тұрады.
Астана қаласының
№ 14 округтік сайлау комиссиясы