
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1), 2) тармақшаларына, 48-бабының 2-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) мәслихат депутаттығына кандидаттар ретінде мүгедектігі бар азаматтарды ұсыну мүмкіндігін қарастыруды;
2) мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды ескере отырып, сайлау алдындағы үгіт жүргізу мүмкіндігін көздеу ұсынылады.
1) дауыс беру құқығын іске асыру үшін «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 және «Қазақстан Республикасында сайлау өткізу кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулыларына сәйкес сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) мүгедектігі бар адамдар болып табылатын сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста сайлау комиссияларына жәрдем көрсетсін;
3) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің сарапшы ретінде қатысуымен мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін учаскелердің қолжетімділігіне тексеру жүргізсін;
4) мүгедектігі бар (соқыр және нашар көретін, саңырау, соқыр - саңырау, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) сайлаушылардың дауыс беруге арналған учаскелерде ерекше жағдайларды қамтамасыз етудің қосымша шараларын көздесін.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Абдиров |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
|
|
Астана қаласы,
2023 жылғы 27 қаңтар,
№ 27/700
https://www.election.gov.kz/kaz/news/acts/index.php?ID=8347