Logo

Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау  комиссиясының

2023  жылғы 20 қаңтардағы

№18/670 қаулысына қосымша

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК  ЖОСПАРЫ

 

 

1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, жариялау

 

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей

 (12-б. 2-2) тт., 22-б. 2-т.)

 

2. Аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамын, олардың орналасқан жерлерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей

(13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т., 22-б. 2-1-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзім ішінде

 2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

4 Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

 

5. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну

 

Саяси партияның жоғары органы

2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда  жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады          

(87-б.)

 

6. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну

Саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің жоғары органы және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар

2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда  жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады          

(87-б.)

 

7. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмені  азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы  өтініштерімен бірге ұсыну                                     

 

Саяси партиялардың жоғары органдары

2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда   жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады          

(87-б. 2-т., 3-т.)

8. Тиісті округтік сайлау комиссиясына осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша ұсыну үшін заңнамада көзделген өзге де құжаттарды беру

 

Азаматтар, өзін-өзі ұсыну кезінде;

Саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары

2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда     жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады          

(87-б. 5-т., 6-т.)

 

9. Партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Саяси партия партиялық тізімді ұсынғаннан кейін

(86, 87-б.)

 

10. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Қазақстан Республикасының округтік (аумақтық)

сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(86, 87-б.)

 

11. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына                2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттер туралы декларация тапсыру

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Тіркелгенге дейін

                                                                           (89-б. 2-т.)

12. Партиялық тізімдерді тіркеу                                                                                                                        

 

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 18 ақпанда     жергілікті уақыт бойынша 18-00 сағатта аяқталады          

                                                                            (89-б. 8-т.)

13. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттарды тіркеу

Округтік (аумақтық) сайлау комиссиялары

2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 18 ақпанда     жергілікті уақыт бойынша 18-00 сағатта аяқталады

(89-б. 8-т.)

14. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну

Округтік (аумақтық) сайлау комиссиялары

Бес күндік мерзімде

(89-б. 4-2 тт.)

15. Партиялық тізімдердің тіркелгені туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейін оныншы  күннен кешіктірмей

                     (89-б. 6-т. 1) т.)

16. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Округтік сайлау комиссиялары

Кандидаттар тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей

(89-б. 4-3 т. 1) т.)

17. Кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу

                            

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Кандидат, саяси партия сенім білдірілген адамдарының тізімін тіркеу үшін ұсынғаннан кейін

(14-б. 2-1) т.,16-1-б. 6-тт., 31-б.)

 

18. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Мемлекеттік кірістер органдары

Партиялық тізім, кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                                 (89-б. 2-т.)

 

19. Саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетенiне енгізу бойынша жеребе тартуды өткізу                                                                                                                      

                            

Қазақстан Республикасының

Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейін

(37-б. 1-т.)

 

Дата публикации
21 января 2023
Дата обновления
21 января 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы