
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
Мұхамбеталина Наримаш Абылқызы – 1961 жылы туған, «Бейбітшілік және Келісім сарайы» объектісінің басқарушысы, Астана қаласында тұрады;
Жексенбай Бибигүл Нұрғалиқызы – 1971 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Астана қаласында тұрады.
Астана қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы