
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 76-бабының 1-тармағына, 83-бабының 1-тармағына сәйкес, Астана қаласы сайлау комиссиясының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 178-ҚСК ұсынымы негізінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 119/613 қаулысымен Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін ұзартылды, ұсыну мерзімі – 2022 жылғы 17 желтоқсан, сағат 18.00-ге дейін.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес (71-бап) Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну Астана қаласы мәслихатының сессиясында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүргізіледі.
Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну кезеңінде Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына мына азаматтардан өзін-өзі ұсыну тәртібімен өтініштер келіп түсті:
1) Зейнұлқабден Табиғат, 1974 жылы туған, Астана қаласында тұрады, «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК бас директоры;
2) Болатаева Роза Әбіләкімқызы, 1965 жылы туған, Астана қаласында тұрады, № 60 мектеп-гимназиясының директоры, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
3) Әсіп Рамазан Назарбекұлы, 1965 жылы туған, Астана қаласында тұрады, «Өркен-Қала» ЖШС директоры;
4) Әбілқайыр Сайранбек Ербатырұлы, 1986 жылы туған, Астана қаласында тұрады, «Астаны қ. № 1 БЖМОРСМ» КММ жетекшісі;
5) Лукин Андрей Иванович, 1961 жылы туған, Астана қаласында тұрады, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты;
6) Тұрғанбаев Қуаныш Бекзадұлы, 1978 жылы туған, Астана қаласында тұрады, зейнеткер.
Ұсынылған кандидаттардың 5 - ер адам, 1 - әйел.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 3 – мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 1 – коммерциялық ұйымдардың қызметкерлері, 1 - мемлекеттік қызметші, 1 - зейнеткер.
Мамандықтары бойынша: инженер - 2, экономист - 1, мұғалім - 1, басқа мамандықтар – 2 кандидат.
Кандидаттардың орташа жасы – 50 жас. Ең жас кандидат 36 жаста, кандидаттар арасындағы ең үлкен жас – 61 жас.
Астана қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы