
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 4 Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 14 қаңтарға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес (71-бап) Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну Астана қаласы мәслихатының сессиясында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүргізіледі.
2022 жылғы 29 қарашадан 14 желтоқсанға дейін депутаттыққа кандидаттарды ұсыну кезеңінде Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына мына азаматтардан өтініштер келіп түсті:
1) Бердалин Ерлан Сайранұлы, 1984 жылы туған, «Астана-АЭК» АҚ Басқарма Төрағасы, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
2) Останькович Дмитрий Валерьевич, 1975 жылы туған, Қазақ ұлттық өнер университеті факультетінің деканы, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
3) Мұхамбеталина Наримаш Әбілқызы, 1961 жылы туған, «Бейбітшілік және Келісім сарайы» объектісінің басқарушысы, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
4) Бағдат Оразалдыұлы Азбаев, 1974 жылы туған, «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма Төрағасы, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
5) Шынара Айдарханқызы Әубәкірова, 1978 жылы туған, «№ 71 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК директоры, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
6) Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркенов, 1976 жылы туған, Астана қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
7) Жұмағұлов Омар Хамитұлы, 1961 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
8) Смайылова Жанар Төлеуқызы, 1974 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
9) Дәркенбаев Тәңірберген Садықұлы, 1965 жылы туған, «Мемсараптама» РМК бөлім бастығы, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
10) Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы, 1971 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Ұсынылған кандидаттардың 6 - ер адам және 4 - әйел.
Кандидаттардың орташа жасы - 50 жас. Ең жас кандидат 38 жаста, кандидаттар арасындағы ең үлкен жас – 61 жас.
Мамандықтары бойынша: заңгерлер – 3 кандидат, экономистер - 2 кандидат, мемлекеттік және жергілікті басқару – 1 кандидат, композиция – 1 кандидат, саясаттанушы – 1 кандидат, инженер-құрылысшы – 1, журналист – 1 кандидат.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 2 мемлекеттік қызметші, 3 – мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 3 – коммерциялық ұйымдардың қызметкерлері, 2 - уақытша жұмыссыз.
Астана қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы