Logo

Меню

Страницы

Статья

Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну барысы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 4 Жарлығына сәйкес, 2022 жылғы 6 желтоқсандағы жағдай бойынша мына азаматтардан  Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып ұсынылуға құжаттар келіп түсті:

Бердалин Ерлан Сайырұлы  - «Астана-РЭК» АҚ басқарма төрағасы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

Останькович Дмитрий Валерьевич – Қазақ ұлттық өнер университетінің факультет деканы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

Мұхамбеталина Наримаш Абылқызы – «Бейбітшілік және Келісім Сарайы» объектісінің басқарушысы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

Азбаев Бағдат Оразалдыұлы – «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

Әубәкірова Шынара Айдарханқызы – «№ 71 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК директоры, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

Нұркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы – Астана қаласы әкімінің орынбасары, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

Жұмағұлов Омар Хамитұлы – жұмыссыз, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

Смайылова Жанар Төлеуқызы – жұмыссыз, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

 

Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
06 декабря 2022
Дата обновления
06 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы