Жер учаскелерiн шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

Жер учаскелерiн шектеулі

пайдалану құқығын (қауымдық

сервитут) белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексі 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілген                              Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – құрылыс салушы) мүддесінде қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес «Магистральдық нөсерлік кәріз коллекторын төсеу дәлізі» объектісін төсеу және пайдалану үшін Астана қаласы, «Есіл» ауданы, № 28 көше (жобалық атауы), Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылына дейінгі учаске мекенжайында орналасқан 1,3378 га жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
  2. Құрылыс салушы осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, меншік иелеріне көрсетілген жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу және көрсетілген жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау мерзімдері туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
  3. Құрылыс салушы жер учаскесін пайдаланғаны үшін (қауымдық сервитут) он жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен 0,5651 га мемлекет меншігіндегі жерлерге жер учаскелеріне қауымдық сервитут шартын жасасын.

 

  1. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

        

 

Астана қаласының әкімі                                                         Ж. Қасымбек

 

 

Астана қаласы

әкімінің бірінші орынбасары                                                   Н. Нұркенов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                      Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                       Е. Глотов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                    Е. Мейрхан

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                     Е. Өтебаев

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    Д. Ешкеев

 

«Астана қаласының Экономика

 және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                              А. Түгелбаева

 

«Астана қаласының Қаржы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                               А. Сейтқұлов

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары                                                             Т. Мусин

 

 

«Астана қаласы

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесі мемлекеттік-

құқықтық бөлімі басшысының

міндетін атқарушы                                                                  Д. Сауқымбек

 

«Астана қаласының

Сәулет, қала құрылысы

және жер қатынастары

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                         А. Ахметов

Дата публикации
21 января 2026