«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 307-жолда:
5-бағанда:
51) тармақша алып тасталсын;
реттік нөмірі 311-жолда:
5-бағанда:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) республикалық және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «Астананың шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
реттік нөмірі 316-жолда:
5-бағанда:
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) «Астана даму орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
реттік нөмірі 347-жолда:
5-бағанда:
20) тармақша алып тасталсын;
реттік нөмірі 358-жолда:
5-бағанда:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Kazakh Tourism Development Ltd.» жеке компаниясы;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
реттік нөмері 369-жолда:
5-бағанда:
12) тармақшы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы»
акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 412-жолда:
5-бағанда:
1) тармақша алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов