Мемлекет мұқтажы үшiн жер
учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен
шығару (сатып алу) туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 6 қазандағы №7194-25-00-4/2928 шешімінің негізінде, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Сквер» объектісінің іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Облводстрой» СУИТК, №149 учаске мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,0840 га, бағбандық үшін Оксана Валериевна Боеваға, Надежда Викторовна Юленковаға жалпы үлестік меншікке тиесілі, кадастрлық нөмірі 21-318-084-270 жер учаскесін 2026 жылғы 2 наурыздан бастап 2027 жылғы 2 наурызға дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарылсын.
- «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей меншік иесіне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелсі және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта алып қойылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да іс-қимылдарды орындасын.
- Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
- Меншік иесі алдағы уақытта жүргізілетін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Астана қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
- «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек
Астана қаласы
әкімінің бірінші орынбасары Н. Нұркенов
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Байкен
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Глотов
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Мейрхан
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Өтебаев
«Астана қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Д. Ешкеев
«Астана қаласының Экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы А. Түгелбаева
«Астана қаласының Қаржы
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы А. Сейтқұлов
«Астана қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
басшысының орынбасары Т. Мусин
«Астана қаласы
әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-
құқықтық бөлімі басшысы Н. Қалшибеков
«Астана қаласының
Тұрғын үй және тұрғын үй
инспекциясы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Саипов
«Астана қаласының
Сәулет, қала құрылысы
және жер қатынастары
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы А. Ахметов