«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған азаматтық бюджеті – жоспарлау кезеңінде
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің (бұдан әрі – аппарат) 2025 жылға арналған бюджетіне Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 317/42-VIII «Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 243/32-VIII «2025–2027 жылдарға арналған Астана қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес келесі өзгерістер енгізілді.
Аппарат үш бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:
019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту»
Аппараттың 2025 жылға арналған бюджеті 2 997 881,0 мың теңге сомасында бекітілді, келесі бағдарламалар бойынша:
001 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімі қызметінің қамтамасыз етілуі бойынша қызметтер» бағдарламасы бойынша 2025 жылға 2 784 987,0 мың теңге көзделген. Бағдарлама аясында қала әкімінің және әкім аппаратының қызметін ұстау мен қамтамасыз етуге байланысты шығыстар қарастырылған. Оларға еңбекақы төлеу, кеңсе тауарлары мен компьютерлік техникаға арналған шығыс материалдарын сатып алу, байланыс және интернет қызметтерін төлеу, ғимаратты жалға алу, компьютерлік техниканы қызмет көрсету, антивирустық бағдарламаларды жаңарту, полиграфиялық қызметтер кіреді.
2025 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері:
|
№ п/п |
Тікелей нәтижесінің көрсеткіші |
Өлшем бірлігі |
2025 жылға жоспар |
|
1 |
Астана қаласы әкімінің аппаратына жүктелген функцияларды штат саны шегінде жүзеге асыру |
бірлік |
100 |
|
2 |
Әкімдік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту |
бірлік |
157 |
|
3 |
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған әкімдік қызметкерлерін оқыту |
бірлік |
65 |
|
4 |
Басшылық лауазымдарға тағайындалған әкімдік қызметкерлерін қайта даярлау |
бірлік |
5 |
|
5 |
Өткізілген іс-шаралар саны |
бірлік |
41 |
|
6 |
Ақпараттық бағдарламаларды жаңарту бойынша көрсетілген қызметтер саны |
бірлік |
3 |
003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 2025 жылға 197 587,0 мың теңге көзделген. Бағдарлама аясында Астана қаласы әкімдігі мен әкім аппараты қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығыстар қарастырылған, соның ішінде компьютерлік және офис жабдықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, басқа да негізгі құралдарды сатып алу.
2025 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері:
|
№ п/п |
Тікелей нәтижесінің көрсеткіші |
Өлшем бірлігі |
2025 жылға жоспар |
|
1 |
Сатып алынған компьютерлік жабдық саны |
бірлік |
1 |
|
2 |
Сатып алынған басқа жабдық саны |
бірлік |
3 |
|
3 |
Сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету саны |
жинақ |
3 |
Бағдарламаның соңғы нәтижесі – аппаратты қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру.
019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту» бағдарламасы бойынша 2025 жылға 15 307,0 мың теңге көзделген. Бағдарлама аясында сайлау процесіне қатысушылардың электоралдық оқытуына арналған шығыстар қарастырылған.
025 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші:
|
№ п/п |
Тікелей нәтижесінің көрсеткіші |
Өлшем бірлігі |
2025 жылға жоспар |
|
1 |
Оқыған сайлау комиссиялары мүшелерінің саны |
бірлік |
557 |
Бағдарламаның соңғы нәтижесі – жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді және саналы қатысуын қамтамасыз ету, сайлау жүйесіне және сайлау институтына деген сенім деңгейін көтеру.
_____________________________