«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылға арналған бюджет паспорты
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің (бұдан әрі – аппарат) 2026 жылға арналған бюджетін бекіту Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 352/47-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Астана қаласының бюджеті туралы» шешіміне сәйкес жүргізілді.
Аппарат үш бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:
019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту»
Аппараттың 2026 жылға арналған бюджеті 2 864 390,0 мың теңге сомасында қарастырылған.
001 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімі қызметінің қамтамасыз етілуі бойынша қызметтер» бағдарламасы бойынша 2026 жылға 2 847 178,0 мың теңге көзделген. Бағдарлама аясында қала әкімінің және әкім аппаратының қызметін ұстау мен қамтамасыз етуге байланысты шығыстар қарастырылған. Бұл шығыстар еңбекақы төлеу, кеңсе тауарлары мен компьютерлік техникаға арналған шығыс материалдарын сатып алу, байланыс және интернет қызметтері, ғимаратты жалға алу, компьютерлік техниканы қызмет көрсету, антивирустық бағдарламаларды жаңарту, полиграфиялық қызметтерді қамтиды.
2026 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері:
|
№ п/п |
Тікелей нәтижесінің көрсеткіші |
Өлшем бірлігі |
2025 жылға жоспар |
|
1 |
Астана қаласы әкімінің аппаратына жүктелген функцияларды штат саны шегінде жүзеге асыру |
бірлік |
100 |
|
2 |
Әкімдік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту |
бірлік |
400 |
|
3 |
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған әкімдік қызметкерлерін оқыту |
бірлік |
130 |
|
4 |
Басшылық лауазымдарға тағайындалған әкімдік қызметкерлерін қайта даярлау |
бірлік |
130 |
|
5 |
Өткізілген іс-шаралар саны |
бірлік |
11 |
|
6 |
Ақпараттық бағдарламаларды жаңарту бойынша көрсетілген қызметтер саны |
бірлік |
3 |
003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 2026 жылға 13 914,0 мың теңге көзделген. Бағдарлама аясында Астана қаласы әкімдігі мен әкім аппараты қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығыстар қарастырылған, соның ішінде компьютерлік және офис жабдықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, басқа да негізгі құралдарды сатып алу.
2026 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері:
|
№ п/п |
Тікелей нәтижесінің көрсеткіші |
Өлшем бірлігі |
2025 жылға жоспар |
|
1 |
Сатып алынған компьютерлік жабдық саны |
бірлік |
|
|
2 |
Сатып алынған басқа жабдық саны |
бірлік |
2 |
|
3 |
Сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету жинақ саны |
жинақ |
9 |
|
4 |
Сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету саны |
бірлік |
|
Бағдарламаның соңғы нәтижесі – аппаратты қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру.
019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту» бағдарламасы бойынша 2026 жылға 3 298,0 мың теңге көзделген. Бағдарлама аясында сайлау процесіне қатысушылардың электоралдық оқытуына арналған шығыстар қарастырылған.
2026 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші:
|
№ п/п |
Тікелей нәтижесінің көрсеткіші |
Өлшем бірлігі |
2025 жылға жоспар |
|
1 |
Оқыған сайлау комиссиялары мүшелерінің саны |
бірлік |
120 |
Бағдарламаның соңғы нәтижесі – жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді және саналы қатысуын қамтамасыз ету, сайлау жүйесіне және сайлау институтына деген сенім деңгейін көтеру.
_____________________________