«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған азаматтық бюджеті – жоспарлау кезеңінде

«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған азаматтық бюджеті – жоспарлау кезеңінде

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің (бұдан әрі – аппарат) 2025 жылға арналған бюджетіне Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 317/42-VIII «Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 243/32-VIII «2025–2027 жылдарға арналған Астана қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес келесі өзгерістер енгізілді.

Аппарат үш бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:

  1. 001 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімі қызметінің қамтамасыз етілуі бойынша қызметтер»;
  2. 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»;

019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту»

Аппараттың 2025 жылға арналған бюджеті 2 770 404,0 мың теңге сомасында бекітілді, келесі бағдарламалар бойынша:

 

001 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімі қызметінің қамтамасыз етілуі бойынша қызметтер» 2025 жылға 2 937 981,0 мың теңге көзделген. Аталған бағдарлама аясында қала әкімінің және әкім аппаратының қызметін ұстау мен қамтамасыз етуге байланысты шығыстар қарастырылған. Бұл шығыстар келесі бағыттар бойынша бөлінеді: жалақы, кеңсе керек-жарақтарын және компьютерлік техникаға шығыс материалдарын сатып алу, байланыс және интернет қызметтеріне ақы төлеу, үй-жайды жалға алу, компьютерге техникалық қызмет көрсету, антивирустық бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту, басып шығару қызметтері.

2025 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері:

 

№ п/п

Тікелей нәтижесінің көрсеткіші

Өлшем бірлігі

2025 жылға жоспар

1

Астана қаласы әкімінің аппаратына жүктелген функцияларды штат саны шегінде жүзеге асыру

бірлік

100

2

кімдік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту

бірлік

400

3

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған әкімдік қызметкерлерін оқыту

бірлік

130

4

Басшылық лауазымдарға тағайындалған әкімдік қызметкерлерін қайта даярлау

бірлік

130

5

Өткізілген іс-шаралар саны

бірлік

13

6

Ақпараттық бағдарламаларды жаңарту бойынша көрсетілген қызметтер саны

бірлік

3

 

003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 2025 жылға 201 867,0 мың теңге көзделген. Бұл бағдарлама аясында Астана қаласы әкімдігі мен әкім аппараты қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығыстар қарастырылған, соның ішінде: компьютерлік және офис жабдықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, басқа да негізгі құралдарды сатып алу шығындары.

2025 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері:

 

№ п/п

Тікелей нәтижесінің көрсеткіші

Өлшем бірлігі

2025 жылға жоспар

1

Сатып алынған компьютерлік жабдық саны

бірлік

7

2

Сатып алынған басқа жабдық саны

бірлік

3

3

Сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету саны

бірлік

3

 

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: аппаратты қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру.

 

019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту» 2025 жылға 15 307,0 мың теңге көзделген. Бағдарлама аясында сайлау процесіне қатысушылардың электоралдық оқытуына арналған шығыстар қарастырылған.

2025 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші:

 

№ п/п

Тікелей нәтижесінің көрсеткіші

Өлшем бірлігі

2025 жылға жоспар

1

Оқыған сайлау комиссиялары мүшелерінің саны

бірлік

557

 

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді және саналы қатысуын қамтамасыз ету, сайлау жүйесіне және сайлау институтына деген сенім деңгейін көтеру.

 

_____________________________

Дата публикации
16 января 2026