«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған жоспарлау кезеңіндегі азаматтық бюджеті

«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған жоспарлау кезеңіндегі азаматтық бюджеті

 

Астана қаласы әкімінің аппараты ММ-нің (бұдан әрі – аппарат) 2025 жылға арналған бюджетіне Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 278/35-VIII «Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 243/32-VIII „2025–2027 жылдарға арналған Астана қаласының бюджеті туралы“ шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес келесі өзгерістер енгізілді.

    Аппарат үш бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:

  1. 001 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімі қызметінің қамтамасыз етілуі бойынша қызметтер»;
  2. 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»;

019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту».

Аппараттың 2025 жылға арналған бюджеті келесі бағдарламалар бойынша 2 770 404,0 мың теңге сомасында бекітілді:

 

001 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімі қызметінің қамтамасыз етілуі бойынша қызметтер» бағдарламасы бойынша 2025 жылға 2 546 404,0 мың теңге көзделген. Бұл бағдарламада қала әкімі мен әкім аппаратының қызметін ұстауға және қамтамасыз етуге байланысты шығыстар ескеріледі, олар келесі түрлерге бөлінеді: жалақы, кеңсе керек-жарақатарын  және компьютерлік техникаға шығыс материалдарын сатып алу, байланыс және интернет қызметтеріне ақы төлеу, үй-жайды жалға алу, компьютерге техникалық қызмет көрсету, антивирустық бағдарламалық қамтамасыз туді жаңғырту, басып шығару қызметтері.

2025 жылға аталған бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштері:

 

№ п/п

Тікелей нәтижесінің көрсеткіші

Өлшем бірлігі

2025 жылға жоспар

1

Астана қаласы әкімінің аппаратына жүктелген функцияларды штат саны шегінде жүзеге асыру мақсатында ұстау

бірлік

100

2

Әкімдік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту

бірлік

400

3

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған әкімдік қызметкерлерін оқыту

бірлік

130

4

Басшылық лауазымдарға тағайындалған әкімдік қызметкерлерін қайта даярлау

бірлік

130

5

Өткізілген іс-шаралар саны

бірлік

11

6

Ақпараттық бағдарламаларды жаңарту бойынша көрсетілген қызметтер саны

бірлік

3

003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 2025 жылға 213 914,0 мың теңге көзделген. талған бағдарлама аясында Астана қаласы әкімдігі мен әкім аппараты қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығыстар қарастырылады, соның ішінде компьютерлік және офис жабдықтарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, басқа да негізгі құралдарды сатып алу шығындары бар.

2025 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері:

 

№ п/п

Тікелей нәтижесінің көрсеткіші

Өлшем бірлігі

2025 жылға жоспар

1

Сатып алынған компьютерлік жабдық саны

бірлік

 

2

Сатып алынған басқа жабдық саны

бірлік

2

3

Сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету саны

бірлік

3

 

Бағдарламаның соңғы нәтижесі – аппаратты қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру.

 

019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту» бағдарламасы бойынша 2025 жылға 10 086,0 мың теңге көзделген. Бұл бағдарлама аясында сайлау процесіне қатысушылардың электоралдық оқытуына арналған шығыстар қарастырылған.

2025 жылға бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші:

 

№ п/п

Тікелей нәтижесінің көрсеткіші

Өлшем бірлігі

2025 жылға жоспар

1

Оқыған сайлау комиссиялары мүшелерінің саны

бірлік

367

 

Бағдарламаның соңғы нәтижесі – жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді және саналы қатысуын қамтамасыз ету, сайлау жүйесіне және сайлау институтына деген сенім деңгейін көтеру.

_____________________________

Дата публикации
16 января 2026