«Астана қаласы әкімінің аппараты» 2025 жылға арналған нақтыланған бюджеті

«Астана қаласы әкімінің аппараты» 2025 жылға арналған нақтыланған бюджеті

 

Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №243/32-VIII «Астана қаласының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне сәйкес, «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің (бұдан әрі – аппарат) 2025 жылға арналған бюджетін бекіту.

Аппарат үш бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:

  1. 001 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша;
  2. 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша;
  3. 019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту» бағдарламасы бойынша

Аппараттың 2025 жылға арналған бюджеті төмендегі бағдарламалар бойынша 2 755 356,0 мың теңге сомасында көзделген:

001 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2025 жылға 2 538 144,0 мың теңге көзделген. Осы бағдарлама бойынша қала әкімінің және әкім аппаратының қызметін ұстау мен қамтамасыз етуге байланысты шығыстар есепке алынады. Аталған шығыстар мынадай түрлерге бөлінеді: еңбекақы, кеңсе тауарлары мен компьютерлік техникаға арналған шығын материалдарын сатып алу, байланыс қызметтері мен интернет қызметтерін төлеу, үй-жайды жалға алу, компьютерлік техниканы техникалық қызмет көрсету, антивирустық бағдарламаларды жаңарту, полиграфиялық қызметтер.

2025 жылға арналған осы бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткіштері мыналар болып табылады:

 

№ п/п

Тікелей нәтижесінің көрсеткіші

Өлшем бірлігі

2025 жылға жоспар

1

Астана қаласы әкімінің аппаратының қызметкерлер штаты аясында жүктелген функцияларды орындау мақсатындағы ұстау шығыстары

бірлік

100

2

Әкімдік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту

бірлік

400

3

Әкімдікке алғаш мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлерді оқыту

бірлік

130

4

Әкімдік қызметкерлерін басқарушы лауазымдарға тағайындаған кезде қайта даярлау

бірлік

130

5

Өткізілген іс-шаралар саны

бірлік

11

6

Ақпараттық бағдарламаларды жаңарту қызметтерінің саны

бірлік

3

 

003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 2025 жылға 213 914,0 мың теңге көзделген. Осы бағдарлама бойынша Астана қаласы әкімдігінің және қала әкімінің аппараты қызметкерлерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне байланысты шығыстар есепке алынады, соның ішінде компьютерлік және кеңсе құрал-жабдықтарын, бағдарламалық қамтамасыз ету мен басқа да негізгі құралдарды сатып алуға кеткен шығындар.

2025 жылға арналған осы бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткіштері мыналар болып табылады:

 

№ п/п

Тікелей нәтиже көрсеткіші

Өлшем бірлігі

2025 жылға жоспар

1

Сатып алынған компьютерлік жабдықтар саны

бірлік

 

2

Сатып алынған өзге жабдықтар саны

бірлік

2

3

Сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету саны

бірлік

3

 

       Осы бағдарламаны орындаудың түпкі нәтижесі аппаратты қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету деңдейін арттыру болып табылады.

 

019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыу» бағдарламасы бойынша 2025 жылға 3 298,0 мың теңге көзделген. Аталған бағдарлама бойынша сайлау процесіне қатысушыларды электоралдық оқытуға көзделген шығыстар ескеріледі.

2025 жылға арналған осы бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткіштері мыналар болып табылады:

 

№ п/п

Тікелей нәтижесінің көрсеткіші

Өлшем бірлігі

2025 жылға жоспар

1

Оқытылған сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

бірлік

120

 

         Аталған бағдарламаны іске асырудың түпкі нәтижесі жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді әрі саналы түрде қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлау жүйесіне және сайлау институтына деген сенім деңгейін көтеру болып табылады.

 

_____________________________

Дата публикации
16 января 2026