ТЕКСЕРУ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

ТЕКСЕРУ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША
АҚПАРАТ

Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы сәулет-құрылыс қызметі саласында бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Сәулет-құрылыс бақылауы бойынша

2025 жылдың қорытындысы бойынша сәулет-құрылыс бақылауы аясында:

- жеке және заңды тұлғаларға қатысты 624 жоспардан тыс тексеру тіркелді;

- 569 айыппұл салынып, олардың жалпы сомасы 250 млн теңгеден асты;

- бақылау субъектілері орындауға міндетті 341 құқық бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

Сонымен қатар, заңсыз құрылыс фактілерінің алдын алу мақсатында Басқарма нұсқамалардың талаптарын орындауды міндеттеу және объектідегі бұзушылықтар жойылғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы талап арыздар беру тәжірибесін қалыптастырды.

2025 жылы 50 талап арыз берілді, олардың 40-ы қанағаттандырылды, 1 іс медиация арқылы аяқталды, 1 іс қараусыз қалдырылды, 4 талап арыз қанағаттандырылмады, 3 іс сотта қаралу үстінде.

Қазіргі уақытта Астана қаласының Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірлесіп сот актілерін мәжбүрлеп орындау бойынша жұмыс үйлестірілген.

Астана қаласының Әділет департаментінде мәжбүрлеп орындауда 177 сот актісі бар.

Басқарманың ақпараттық базасында 1571 салынып жатқан объект тіркелген.

Анықтама үшін: көппәтерлі тұрғын үйлер – 472 (кезекте), әкімшілік объектілер мен қоғамдық ғимараттар – 65, өндірістік және өнеркәсіптік объектілер – 198, білім беру және спорт объектілері – 62, денсаулық сақтау объектілері – 13, инженерлік желілер – 401, жолдар, көшелер және көпірлер – 49, шағын бизнес объектілері, дүкендер, мейрамханалар, қонақ үйлер, жанармай құю станциялары, техникалық қызмет көрсету станциялары және автожуу орындары – 82, сауда объектілері, бизнес-орталықтар, кеңсе ғимараттары, сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар – 52, автоорталықтар – 19, өзге объектілер – 158.

 

Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес объектіні пайдалануға беру мемлекет қатысуынсыз жүзеге асырылатынын атап өткен жөн, яғни құрылыс сапасына тікелей жауапкершілікті құрылыс салушы, бас мердігер, авторлық және техникалық қадағалау жүзеге асырады.

2025 жылы Басқарма арқылы шамамен 4 813 000 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді.

 

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бақылау бойынша

2023 жылғы 31 қаңтарда өткен Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы берген тапсырма аясында бұрын қалған 16 проблемалық объектінің құрылысы аяқталып, бүгінгі күні үлестік қатысуы бар проблемалық үйлер бойынша дольщиктердің тұрғын үй мәселелері шешілді.

2019 жылдан бастап 150 проблемалық үйді аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп, шамамен 16 мың дольщик отбасы өз пәтерлерінің кілттерін алды.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде 2018–2025 жылдар аралығында жергілікті атқарушы орган тарапынан 301 құрылыс ұйымы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 224 млн теңге айыппұл салынды.

Лицензиялау және аттестаттау саласындағы қызмет бойынша

2025 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін компаниялар мен жеке тұлғаларға 208 лицензия берілді.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын 182 сарапшы аттестатталды (техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру, қала құрылысы, алдын ала жобалау және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама).

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша 72 компания аккредиттелді.

Қазіргі уақытта «Жобалау қызметіне лицензия беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру», «Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензия беру» мемлекеттік қызметтері «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысынсыз электрондық форматта көрсетіледі.

 

Дата публикации
15 января 2026