Астана қаласында Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша мерзімді тексерулер жүргізудің 2026 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жоспарын бекіту туралы

Астана қаласында Қазақстан

Республикасы тіл туралы

заңнамасының сақталуы бойынша

мерзімді тексерулер жүргізудің 

2026 жылғы бірінші жартыжылдыққа

арналған жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 25-6-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес:

  1. Астана қаласында Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша мерзімді тексерулер жүргізудің 2026 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) осы өкімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Жоспарды Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етіп, осы өкімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Байкенге жүктелсін.

 

 

Әкім                                                                                    Ж. Қасымбек

Дата публикации
28 ноября 2025