Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны
бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте
(таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1) кәмелетке толмаған жасқа дейінгі білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – көлік картасын міндетті валидациялау кезінде балалардың жол жүру құны (барлық бағыттар бойынша) – 0 теңге;
2) кәмелеттік жастан асқан білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсетілетін көлік карталары, ай сайын «Айлық жол жүру – Қала» келісімшартымен толықтырылады.
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |