Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдаулар отырысының хаттамасы

Астана қ.                                                                               2025 жылғы 6 қараша

 

Төраға: Т. Зейнұлқабден – Астана қаласы мәслихатының төрағасы.

 

Қатысты:

          Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қала департаменттері мен басқармаларының басшылары.

 

Күн тәртібі:

 

  1. Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

 

Баяндаушы:

Есіркеп Сәкен Зиябекұлы – «Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысы

 

Төрағалық етуші:

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің                      2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдаулары өткізіледі.

Көпшілік тыңдауларды өткізу туралы ақпарат күні бұрын «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» қалалық басылымдарында және Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурсында жариялау арқылы қала жұртшылығына жеткізілді.

 

Тыңдалы:

«Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасы» ММ басшысы – Сәкен Зиябекұлы Есіркеп депутаттарды Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беруге материалдармен таныстырды.

 

Сөз сөйледі:

Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауларында:

Астана қаласы мәслихатының депутаты, қалалық ономастика комиссиясының мүшесі – Адамбек Кендебай Сарыбайұлы;

Астана қаласы мәслихатының депутаты – Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы;

Астана қаласы мәслихатының депутаты – Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы.

 

Көпшілік тыңдаудың қорытындысы бойынша Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қаласының келесі көшелеріне атау беру туралы ұсыныстар қолдансын:

«Нұра» ауданы бойынша:

          жобалық атауы Е15 көшеге – Мұхаммед Әли Джинна көшесі;

жобалық атауы Е754 көшеге – София көшесі;

«Есіл» ауданы бойынша:

Тұран даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталатын, «Астана Арена» спорт кешені мен «Алау» мұзайдыны сарайының арасында орналасқан атаусыз көшеге Марко Поло көшесі атауларын беру.

  1. «Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ осы хаттаманы Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

 

 

Астана қаласы

мәслихатының төрағасы                                                           Т.  Зейнұлқабден

 

Дата публикации
12 ноября 2025