«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Астана қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Мыналардың:
- «Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4-988 қаулысының;
- «Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4-988 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы
12 шілдедегі № 4-1368 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
- осы қаулыны Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек
Астана қаласы әкімінің
бірінші орынбасары Н. Нұркенов
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Байкен
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Глотов
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Мейрхан
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Өтебаев
«Астана қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Д. Ешкеев
«Астана қаласының
Қаржы басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы А. Сейітқұлов
«Астана қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы А. Түгелбаева
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
басшысының орынбасары Т. Мусин
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Н. Қалшибеков
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
персоналды басқару және
дамыту жөніндегі бірыңғай
қызметінің басшысы Ә. Қиясиден