Астана қаласының су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Су кодексі 125-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласының су объектілерінде жаппай демалыс, туризм және спорт орындары осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырыруын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                             Ж. Қасымбек

 

 

Әкімнің бірінші орынбасары                                                   Н. Нұркенов

 

Әкімнің орынбасары                                                                      Е. Байкен

 

Әкімнің орынбасары                                                                       Е. Глотов

 

Әкімнің орынбасары                                                                   Е. Мейрхан

 

Әкімнің орынбасары                                                                     Е. Өтебаев

Дата публикации
22 сентября 2025