«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 17-2-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 мамырда № 18709 болып тіркелген) бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1.Астана қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалар осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы