«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі, Республикалық ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 20 маусымдағы қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тұран даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталатын, «Астана Арена» спорт кешені мен «Сарыарқа» республикалық велотрегінің арасында орналасқан атаусыз көшеге Месроп Маштоц көшесі атауы берілсін.
1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Астана қаласының әкімі
______________ Ж. Қасымбек
|
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
____________Т. Зейнұлқабден |