Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдаулар отырысының хаттамасы

Төраға: А. Айтхожин – заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

               

Депутаттар қатысты:

Зейнұлқабден Т., Адамбек К.С., Джапарова Г.А., Естек К.Г., Касымбергебаев Б.Т., Лория Д.Г., Рахмет Ж. Қ., Самамбетов М.Е., Сергеев В.А., Смагулов А. С.,

Смаилов Б. А.

Күн тәртібі:

 

Астана қаласының атаусыз көшесіне атау беру туралы

 

ТЫҢДАДЫ:

Есіркеп Сәкена Зиябекұлы – «Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысы

 

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

Адамбек К.С., Жолжаксынов Б.Д., Касымбергебаев Б.Т., Кульмагамбетова Ж.Ж., Оразалина Д.А., Сергеев В.А., Табулдина А.Ж., Утешев Н.С., Бауыржан Бабажанұлы – аҚын, «TÚRKISTAN» халықаралық газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағы Астана қаласы бойынша филиалының директоры.

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Астана-Арена» спорт кешені мен «Сарыарқа» республикалық велотрегі арасында орналасқан, Тұран даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталатын атаусыз көшеге атау беру туралы ұсынысты қолдау, – Месроп Маштоц көшесі.
  2. «Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ осы хаттаманы Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын және Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік алдында тыңдаулары өткізілгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

 

 

Астана қаласы мәслихатының заңдылық,

құқық тәртібі және жұртшылықпен

жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссиясының төрағасы                                                                   А. Айтхожин

Дата публикации
09 июня 2025