Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Астана қаласының аумағында осы шешімге 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес сайлау учаскелері құрылсын.
  2. Осы шешімге 8-қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана қаласының әкімі

 

Ж. Қасымбек

 

Дата публикации
26 мая 2025