2024 жылдың қаңтарында қалалық және аудандық сайлау комиссияларының отырыстары өтті. Онда комиссия төрағалары, төрағалардың орынбасарлары мен хатшылары сайланды, сондай-ақ комиссия мүшелерінің міндеттері бөлінді.
Астана қаласы аудандарының аумақтық сайлау комиссияларын жергілікті атқарушы органдардан бөлек орналасқан ғимараттарға көшіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Астанада өз қызметін 489 сайлау комиссиясы жүзеге асырады, оның ішінде: 6 - аумақтық, 19 - округтік және 464 учаскелік сайлау комиссиялары.
464 учаскелік сайлау комиссиясының 352 – азаматтарды тұрақты тіркеу орындарында, 34 - азаматтардың уақытша болу орындарында.
Сайлау комиссияларының құрамында 3871 мүше бар, олар 5 саяси партия мен бірқатар қоғамдық бірлестіктерден құралған.
2024 жылы барлық деңгейдегі комиссия мүшелерін оқыту ұйымдастыру оқу жоспары-кестесіне сәйкес жүргізілді.
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қаланың жастар көшбасшыларымен «Дүниежүзілік сайлау күні», «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту» тақырыптарында кездесулер өткізді.
Осы мерекенің шеңберінде 6 оқыту іс-шарасы өткізіліп, онда 304 адам оқудан өтті.
Сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасында аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинары өткізілді. Астана қаласы аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының сайлау процесіне барлығы 120 қатысушы оқыды.
Семинар барысында «Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік», «Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету туралы», «Сайлау процесі барысында жанжалды реттеудің әлеуметтік-психологиялық технологиялары» тақырыптары қамтылды.
Семинарға қатысушылардың белсенділігін атап өткен жөн. Спикерлер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының тиімді жұмысы үшін комиссияның тәжірибелі мүшелері арасынан дәріскерлер пулы құрылды, олар қалалық АСК оқудан өтіп, жұмыс үшін барлық оқу-әдістемелік құралдарын алды.
Өткен жылы елімізде «2024 жылғы 6 қазанда Республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 636 «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?» деген Жарлығы болды
ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру шеңберінде ҚР Орталық референдум комиссиясы бірінші отырыста өз қаулысымен 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Республикалық референдумының күнтізбелік жоспарын бекітті.
Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін даярлау мақсатында аумақтық комиссиямен оқытулар жүргізілді.
Референдум ұйымдастырушыларының кәсіби деңгейін арттыру үшін практикалық жағдайларға талдау жүргізілді.
Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, нормативтік құқықтық актілермен және әдістемелік материалдармен жұмыс істеу қабілетін дамытуды, алған білімдерін практикада қолдануды, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен және референдумның басқа да қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын меңгеруді түсіндірді.
2024 жылғы 6 қазанда өткен республикалық референдумды ұйымдастыруды және өткізуді: 6 аумақтық (1 - қалалық, 5 - аудандық) және 464 учаскелік референдум комиссиялары қамтамасыз етті.
Орталық референдум комиссиясы бекіткен республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес «Вечерняя Астана», «Астана Ақшамы» баспаларында референдум комиссиясының учаскелері мен құрамдарының шекаралары жарияланды. Сондай-ақ қала әкімдігі мен мәслихаттың сайттарында қосымша орналастырылды. Референдумға дайындық туралы барлық ақпарат Астана қаласының АСК интернет-ресурсында орналастырылған, онда әрбір азамат өзіне қажетті ақпаратты қарап, таңдау мүмкіншілігіне ие болды.
2024 жылғы 6 қазанда Республикалық референдум өткізу кезінде байқаушы ретінде Астана қаласының АСК-мен аккредиттелген 20 бірлестік пен ұйымдар қатысты. Сонымен қатар, Астана қаласының референдум учаскелерінде байқауға ҚР ОСК-мен аккредиттелген 13 қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік емес ұйымдар қатысты.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 288-V Заңымен ратификацияланған БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңымен негізінде учаскелік сайлау комиссияларымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау кезінде кедергісіз қол жеткізу және дауыс беру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.
Республикалық референдумді өткізу күніне (2024 жылғы 6 қазан) және шығып қалған орнына мәслихат депутатын сайлауында (2004 жылғы 8 желтоқсан) Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сайлау құқығы бар, есту, көру мүмкіндіктерінің, тірек-қимыл аппараты функцияларының шектелуіне әкеп соқтырған ауруға байланысты денсаулығы бұзылған мүмкіндіктері шектеулі ерекше азаматтар үшін учаскеде дауыс беру үшін барлық жағдайлар жасалды.
Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының жанынан мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оның құрамына мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері енгізілді.
Республикалық референдумді өткізу және № 6 сайлау округі бойынша шығып қалған орнына мәслихат депутатын сайлау науқанқандары кезінде жұмыс тобының мүшелері мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беруге арналған учаскелердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізу және талдау жүргізу мақсатында учаскелерге бірнеше рет шығуды жүзеге асырды.
Жергілікті атқарушы органдарымен өз кезегінде жұмыс тобы анықтаған ескертулерді дер кезінде жою бойынша барлық қажетті шаралары қабылданды.
Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерін жарақтандыру 100% құрайды: барлық сайлау учаскелерінде пандустар, оның ішінде уақытша пандустар бар, қажетті ақпараты бар компьютермен, құлаққаптармен, сайлау бюллетенін қазақ және орыс тілдерінде толтыру бойынша аудиороликтермен, Брайль қарпімен орындалған трафареттермен мүгедектігі бар адамдар үшін үстелдер (бұрыштар) орнатылды. Сайлау учаскелері қосымша жарықтандыруы бар арнайы кабиналармен, нашар көретіндерге арналған үлкейткіштермен жабдықталды.
Сонымен қатар, Астана қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өткізу туралы айтқым келеді.
2024 жылғы 8 желтоқсанда «Байқоңыр» ауданының № 6 аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Астана қаласы мәслихатының депутатын сайлау өтті.
Сайлауға дайындық Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы бекіткен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда айқындалған өкілеттіктерге сай сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округінің шекаралары, сайлау учаскелері, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері туралы мәліметтер жарияланды.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп сайлау учаскелерін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде үлкен жұмыс жүргізілді.
Жергілікті атқарушы органдар сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін барлық жағдай жасады. Астана қаласының сайлау комиссиясының келісімі бойынша кандидаттардың үгіт материалдары орналастырылған стационарлық жарнамалық тұғырлар орнатылды. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізуге арналған үй-жайлардың тізбесі бекітілді.
Барлығы 10 кандидат ұсынылды: «AMANAT» партиясы филиалынан 1 кандидат, «Ауыл» партиясы филиалынан 1 кандидат, өзін-өзі ұсыну тәртібімен 8 кандидат. Оның ішінде 7 ер адам және 3 әйел.
Аудандық сайлау комиссиясының № 6 шешімімен 8 кандидат тіркелді.
Тиісті куәліктер берілген 178 сенімді тұлға тіркеуге алынды.
Дауыс беру күні Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы аккредиттеген қоғамдық бірлестіктерден 92 сенімді тұлға, 106 байқаушы тіркелді.
2024 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласының АСК шешімімен Астана қаласы мәслихатының депутатын сайлау қорытындысы шығарылды. 10 желтоқсанда сайлау қорытындылары туралы ақпарат Астана қаласының АСК интернет-бетінде орналастырылды.
Сайлау қорытындысы бойынша № 6 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Астана қаласы мәслихатының депутаты болып 1974 жылы туған, Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледж» ШЖҚ МКК директоры Ләззат Мұратқызы Разбекова сайланды.
2025 жылға біз өз жұмысымызда пысықталатын және енгізілетін жаңа мақсаттар мен міндеттер қойдық.
Жариялылық, ашықтық және қолжетімділік - біздің АСК негізгі міндеттері мен мақсаттарының бірі.