Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы , №510-646

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес «А75 көшесі (жобалық атауы)» объектісінің іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, А. Байтұрсынұлы көшесінен А91 (жобалық атауы) көшесіне дейінгі учаске мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы полигон 1 – 0,3785 га, полигон 2 – 0,3194 га, полигон 3 – 0,5240 га, жер учаскелері 2025 жылғы 2 маусымнан бастап 2026 жылғы 2 маусымға дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарылсын.
  2. «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да іс-қимылдарды орындасын.
  3. Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
  4. Меншік иелері және жер пайдаланушылар алдағы уақытта жүргізілетін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Астана қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
  5. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                         Ж. Қасымбек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 марта 2025