Астана қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Жоспар) мәслихаттың 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №245/32-VIII шешімімен түзетілді.
Жоспардың бөлімдері мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен келісілген.
Жалпы жоспар бойынша 18 мақсат, 12 міндет, 38 индикатор, 48 нәтиже көрсеткіші көзделген.
2024 жылы іске асыруға 38 индикатор көзделген, оның ішінде орындалды 19 (50%), 13 (34,2%) индикаторлар жылдық деректердің болмауы себебінен ішінара орындалды, 6 (15,8%) - орындалмады. Жоспарланған нәтижелердің 48 көрсеткіші орындалды 37 (77,0%), 4 (8,4%) жылдық деректердің болмауы себебінен ішінара орындалды, 7 (14,6%) көрсеткіш орындалмады.
2024 жылға арналған Жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 200 іс-шараны іске асыру көзделген, оның ішінде 170 (85%) іс-шара орындалды, 20 (10%) ішінара орындалды, 10 (5%) іс-шара орындалмады.