«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Астана қаласының аумағында осы шешімге 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес сайлау учаскелері құрылсын.
- Осы шешімге 8-қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек