Реквизициялау тәртібінде жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы, №510-312

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1225 қаулысымен бекітілген Астана қаласының апатты және тұрғын үйлерін жаңғырту бағдарламалары, Астана қаласы әкімінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 182-9 «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімімен, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы  25 қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған сызбаларға және 1,2-қосымшаларға сәйкес 2025 жылғы 28 сәуірден бастап 2026 жылғы 28 сәуірге дейін мүлікті, оның ішінде жалпы ауданы 0,0346 га жер учаскелерін реквизициялау тәртібінде мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілсін.
  2. «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма), осы қаулы жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей, тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың меншік иелеріне жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктің алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың меншік иелерін көшіруді жүргізсін.
  3. Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
  4. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                         Ж. Қасымбек

 

 

Астана қаласы

әкімінің бірінші орынбасары                                                   Н. Нұркенов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                       Е. Глотов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                      Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                              Е. Мейірханов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                     Е. Өтебаев

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    Д. Ешкеев

 

«Астана қаласының Қаржы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    А. Жумаев

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары                                                  Ж. Шәукентаев

 

 

 

 

 

«Астана қаласы

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесі мемлекеттік-

құқықтық бөлімінің басшысы                                                       Т. Мусин

 

«Астана қаласының

Тұрғын үй және тұрғын үй

инспекциясы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                             А. Саипов

 

«Астана қаласының

Сәулет, қала құрылысы

және жер қатынастары

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                               А. Ахметов

 

 

 

пдф
Дата публикации
07 февраля 2025