«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.
- «Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 111-22 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 872 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.