БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі – қаулы) Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабы  1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, сондай-ақ «Астананың шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, сонымен қатар «Қалалық қызметтер орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» қызметінің түрін сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Жобаның мақсаты мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту болып табылады.

Қаулы 2024 жылғы 8 қарашада Астана қаласы әкімдігінің интернет-порталында орналастырылды

  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15281763

 

 

 

Дата публикации
21 ноября 2024