Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 104-бабының 1-1-тармағына сәйкес бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
(2024 жылғы 1 қаңтарға – 85 000 теңге)
Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.
Кандидаттық жарналарды енгізу үшін реквизиттер:
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ
Алушы Банкі: «Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті» РММ
БСН 980240000435
БСК KKMFKZ2A
ЖСК KZ310705021210001002
КБЕ 12
Төлем мақсаты:
Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы Тегі Аты Әкесінің аты