2024 жылғы 27 қыркүйекте 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде Астана қаласының аумақтық референдум комиссиясының алтыншы отырысы өтті, онда «Мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету және дауыс беруге арналған референдум учаскелерінің қолжетімділігін мониторингілеу және талдау туралы» мәселе қаралды.
Отырысқа қатысқан:
- Әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін Астана қаласы аудандары әкімдерінің орынбасарлары;
- Астана қаласы Жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы;
- аудан әкімдері аппараттарының Әлеуметтік сала бөлімінің басшылары;
- мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері.
Осы мәселе бойынша аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков сөз сөйледі.
Ол мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету референдум комиссияларының барлық деңгейлері қызметінің сөзсіз басымдығы болып табылатынын, сондай-ақ мүгедек адамдардың құқықтары халықаралық құжаттармен және ұлттық заңнамамен қорғалатынын хабарлады.
Б. Жұмабеков республикалық референдум дайындау шеңберінде референдум учаскелерін түгендеу барысы туралы Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін тыңдады.
Аудан әкімдерінің орынбасарлары отырысқа қатысушыларды дауыс беруге арналған үй-жайлардың физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша, үй-жайларды жарақтандыру, тактильді көрсеткіштерді, дауыс беруге арналған арнайы кабиналарды, құлаққаптары бар компьютерлерді, лупаларды және т. б. орнату бойынша қабылдаған шаралары туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, бұл мәселе бойынша Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы И. В. Скуб сөз сөйледі, ол отырысқа қатысушыларға 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 2 333 жеке көмекші, 35 тілі маманы қарастырылғанын, сондай-ақ дауыс беру күні мүгедектігі бар адамдар референдум учаскелеріне жету үшін 66 инватакси жүретінін хабарлады.
Ағымдағы жылдың 1-4 қазан аралығында референдум учаскелерінің жұмыс тобы мүшелерімен жергілікті атқарушы органдарымен мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беру жағдайларын қамтамасыз ету орындарын жабдықтау бөлігінде учаскелерді жарақтандыру бойынша бұрын анықталған ескертулерді жоюда рейдтік айналып өту жоспарлануда.



