Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Астана қаласы «Нұра» ауданы аумақтық референдум комиссиясының ШЕШІМІ

Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Астана қаласы «Нұра» ауданы аумақтық референдум комиссиясының ШЕШІМІ

2024 жылғы 25  қыркүйек

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік референдум комиссияларының ұсынуы бойынша Астана қаласы «Нұра» ауданы аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:

​1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

​

Р/б

№

Референдум

учаскесінің №  

Учаскенің орналасқан жері

1.

278

«University Medical Center» корпоративтік қорының филиалы,  «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 32

2.

279

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамы,

Астана қаласы, Тұран даңғылы, 34/1

3.

280

«Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың балалар кардиохирургиясы бөлімшесі» акционерлік қоғамы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 27

4.

281

«University Medical Center» корпоративтік қорының филиалы, «Балаларды оңалту ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 36

5.

282

«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» акционерлік қоғамы,  

Астана қаласы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 3

6.

283

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы, Үркер тұрғын алабы, Е 575 көшесі, 1

7.

284

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» акционерлік қоғамы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38

 

2. Бұл референдум учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
3. Осы шешім Астана қаласы аумақтық референдум комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
4. Осы шешімнің көшірмесі Астана қаласы аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.

 

Комиссия төрағасы                                                            Б. Төребеков                                                        

                                                   

  Комиссия хатшысы                                                          А. Сандықбаева

Дата публикации
26 сентября 2024