Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Астана қаласы «Есіл» ауданы аумақтық референдум комиссиясының ШЕШІМІ

Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін

референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Астана қаласы «Есіл» ауданы аумақтық референдум

2024 жылғы 25 қыркүйек

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік референдум комиссияларының ұсынуы бойынша Астана қаласы «Есіл» ауданы аумақтық референдумкомиссиясы ШЕШТІ:

​1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

​Р/б

№

Референдумучаскесінің №

Учаскенің орналасқан жері

1.

215

Қалалық психикалық денсаулық орталығы,

Астана қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 7

2.

216

№ 2 қалалық көпбейінді аурухана,

Астана қаласы, Т. Рысқұлов көшесі, 6

3.

217

№ 2 қалалық көпбейінді аурухана,

Астана қаласы, Т. Рысқұлов көшесі, 8

  4.

218

«Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің емханасымен орталық госпиталь» мемлекеттік мекемесі,

Қабанбай батыр даңғылы, 66

  5.

219

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасыРМК, Астана қаласы,

Мәңгілік Ел даңғылы, 80

  6.

220

Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасыШЖҚМКК

Т. Рысқұлов көшесі, 12

2. Бұл референдум учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
3. Осы шешім Астана қаласы аумақтық референдум комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
4. Осы шешімнің көшірмесі тиісті Астана қаласыреферендум комиссиясына жіберілсін.

 

Төраға​                        ​  ​ Р. Қонақбаев

 

Хатшы​            ​   ​Д. Жағұпаров

Дата публикации
26 сентября 2024