Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы аумақтық референдум комиссиясының ШЕШІМІ

Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы аумақтық референдум комиссиясының ШЕШІМІ

 2024 жылғы 25 қыркүйек

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік референдум комиссияларының ұсынуы бойынша референдум комиссиясы ШЕШТІ:

​1. Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы аумақтық референдум комиссиясы егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

​

Р/б №

Референдум учаскесінің №

Учаскенің орналасқан жері

1.

155

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының № 6636 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 10а

2.

156

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 64 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі, Алаш тас жолы, 30/1

3.

157

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторы» мемлекеттік мекемесі, Жетіген көшесі, 27/2

 

2. Бұл референдум учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
3. Осы шешім Астана қаласы аумақтық референдум комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
4. Осы шешімнің көшірмесі Астана қаласы аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.

 

Комиссия төрағасы                                                                   Н. Әбішев

Комиссия хатшысы                                                                  Ұ. Рашид

 

Дата публикации
26 сентября 2024