2024 жылдың 15 қыркүйекте Астана қаласының аумақтық референдум комиссиясының5 отырысы өтті. Отырыста бір ғана сұрақ қаралды:
1995 жылғы 2 қарашадағы Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялықзаңының 22-бабына, 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 «Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының қаулысынасәйкес Астана қаласының аумақтықреферендум комиссиясы ШЕШТІ
1. 2024 жылғы 5 қазанда тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері(бұдан әрі – есептен шығару куәліктері) 9 069(тоғыз мың алпыс тоғыз) дана, республикалық референдумға қатысу құқығына ие азаматтар тізіміне енгізілгендердің жалпы санынан бір пайыз есеппен шығарылсын.
2. Астана қаласының «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл»,Нұра «Сарыарқа» аудандарының аумақтық референдум комиссияларына есептен шығару куәліктері 2024 жылғы 16қыркүйекте кешіктірмей бөлінсін және тапсырылсын.
3. Астана қаласының «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», Нұра«Сарыарқа» аудандарының аумақтық референдумкомиссияларының төрағалары учаскелік референдум комиссияларына есептен шығару куәліктерін 2024 жылғы 18қыркүйекті кешіктірмей жеткізуді ұйымдастырсын.