Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға Астана қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік білім беру грантын беру туралы , №107-61, 29.08.24ж.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген  «Бакалавр» немесе  «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 25-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, 2024-2028 оқу жылына еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 4 хаттамасының негізінде:

  1. 2024-2028 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға Астана қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі осы өкімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Байкенге жүктелсін.

 

 

Әкім                                                                                      Ж. Қасымбек

 

   

 

 

 

 

 

 

пдф
Дата публикации
29 августа 2024