«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға қатысушылардың болмағандығына байланысты, конкурс жарамсыз деп танылып, жалпы конкурс жариялауға ұсынылды:
- «Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу ресімдерін өткізу бөлімінің бас маманы, D-O-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 4 қазанға дейін).
Құрметті бос лауазымға орналасуға үміткерлер!
Өткізілген к онкурстың әңгімелесу барысына қатысты пікірлеріңіз немесе шағымдарыңыз болса Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің 24-89-28, 24-89-29 телефондарына хабарласа аласыздар.
Барлық конкурс қатысушыларына қызығушылық танытқандарыңызға алғасымызды білдіреміз! Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 55-64-32, 55-64-33 телефондарына хабарласыңыз.