Астана қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы, 26.08.24ж.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының 2-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 502-1244 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1246 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

     

     

     

    Лауазымы

     

    Аты-жөні

Дата публикации
26 августа 2024